×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Еліміздің бірнеше аймағында су тасқыны болуы мүмкін

11.03.2023, 17:11
Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК (Гидрология департаменті) 11 наурыздағы деректер бойынша ескерту жариялады. Бұл туралы Ulysmedia.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

12-14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің жоғарылауы ықтимал.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, беткейлік ағын қалыптасуы, мұз жібуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Судың жайылуы және тасқыны болуы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары