×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Маңғыстауда жүргізушілердің ереуілі заңсыз деп танылды

12.03.2023, 08:31
Ашық дереккөз

Маңғыстауда ондаған жүргізушінің ереуілі заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудандық соттың шешімімен «АКТС» ЖШС мұнай кәсіпшілік сервистік компаниясының 67 қызметкері қатысқан ереуіл заңсыз деп танылды.

«Трансабис» және «Техно Трейдинг ЛТД» компаниялары жұмысшыларының ереуіліне қатысты да сотқа талап-арыздар жіберілді.

Наурыздың 9-ы күні таңертең Жетібай кен орнында «АқтауКранТехСервис» ЖШС мен «ТрансАбис» ЖШС көлік кәсіпорындарының қызметкерлері болып табылатын 96 арнайы техника жүргізушісі жұмысқа шықпаған. Ереуілшілер бірқатар талаптар қойды: жалақыны көтеру, ұзақ мерзімді еңбек шарты, еңбек жағдайын жақсарту және үш көлік компаниясын бір кәсіпорынға біріктіру.

Сондай-ақ директормен бірге «АКТС» ЖШС инженерлік-техникалық қызметкерлерін жұмыстан босату туралы талаптар да айтылды.

Кәсіпорын қызметкерлермен жасалған еңбек шарты аясында еңбекақы саласында кемсітусіз заң талаптарын сақтайтынына сендіреді.

Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес, жұмыс беруші қызметкерлер ереуілге қатысуды жалғастырған жағдайда, еңбек шарттарын бұзуға құқылы.

Өткен жылы соттар 17 ереуілді заңсыз деп танып, сол үшін әртүрлі кәсіпорындардың 137 қызметкері жұмыстан босатылған.

Облыста 17 мың жұмыссыз ресми тіркелген.

Серіктес жаңалықтары