×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қырғызстан Қазақстанды айналып өтіп, Ресейге тауар жеткізеді

12.03.2023, 12:14
Ашық дереккөз

Қырғызстан Қазақстанды айналып өтіп, Ресейге тауар жеткізудің баламалы бағытын құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы kaktus.media сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Қырғызстан Республикасының Энергетика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев Қырғызстаннан шығатын жеткізушілер Қазақстан арқылы жүк тасымалдауда жиі қиындықтарға тап болатынын, сондықтан оларға балама жол қажет екенін түсіндірді.

"Сонымен қатар бізде Қытайдан ішкі тұтынуға жатпайтын тауарлардың үлкен реэкспорты бар. Және де айта кететін жайт, біздің Қазақстанмен біртұтас кедендік аумақ бар", - деді ол.

Экономика министрі тігін бұйымдары мен Қырғызстанда өндірілген тауарлардың басым бөлігі Қазақстан арқылы транзитпен жеткізілетінін, ал Қытайдан қайта экспортталатын тауарлардың бір бөлігі жаңа көлік дәлізі арқылы жеткізілетінін атап өтті.

"Экспорт Қазақстан арқылы өтетінмен бірдей уақытты алады. Алдымен Өзбекстанға, одан кейін Түркіменстанға, Түркіменстанға Түркіменбашы портынан Каспий арқылы Махачкала немесе Астраханьға, одан Мәскеуге 900 шақырымға жеткізіледі. Ал құны Түрікменстандағы арзан отынның арқасында логистика бірдей, арақашықтық ұзағырақ болса да», - деп қосты ол.

Серіктес жаңалықтары