×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Президенттің тапсырмасын орындай алмаған вице-министр қызметінен кетті

23.04.2022, 15:38
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмасы уақытында орындалмағаны үшін үкімет қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Айта кетері, жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған "Күре жолдағы күрсініс" атты мақалаға назар аударып, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар проблемасын тез арада шешуді тапсырған болатын.

Президенттің сынынан кейін Смайылов БҚО-дағы жолды жөндеуге 15 млрд теңге бөлетін болды.