×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Илон Маск АҚШ-тағы банкрот болған ең ірі банкті сатып алуы мүмкін

12.03.2023, 13:28
Ашық дереккөз

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ-тағы ең ірі банкротқа ұшыраған банктердің бірі - Silicon Valley Bank-ті (SVB) сатып алу идеясын талқылауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Мен бұл идеяны талқылауға дайынмын", — деп жауап берді Маск аталған банкті сатып алып, оны электрондыға айналдыруды ұсынған әлеуметтік желі қолданушыларының біріне.

Бүгін, 11 наурызда Калифорнияның цифрлық реттеуші агенттігі көлемі бойынша АҚШ-тағы 16-шы ірі банкі - SVB-ны банкрот деп жариялады. Несиелік ұйым стартаптарға икемделген.

SVB-ның банкроттығы 2008 жылғы дағдарыстан кейінгі қаржы саласындағы ең ірі оқиға ретінде бағаланады, ол - АҚШ тарихындағы Washington Mutual Bank-тен кейін банкроттыққа ұшыраған екінші ірі банк.

FDIC барлық сақтандырылған депозиттерді SVB-нің өзі Deposit Insurance National Bank of Santa Clara-дан ашқан жеке шотына аударды.

АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен жұмада реттеуші органдармен кездесіп, SVB айналасындағы жағдайды реттей алатындықтарына сенім білдірді.

Аптаның басынан бастап АҚШ-тың басты индекстері 1% - дан 1,8% - ға дейін құлдырады.

Серіктес жаңалықтары