×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Нанотехнология: Атыраудағы жолдардың шұңқырларын кірпішпен жамаған

12.03.2023, 15:06
Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Атыраудағы орталық көпірдегі шұңқырларды кірпіш жамағанын көрсететін сурет тарап жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ғаламтор қолданушылары мұндай суретті «Атырау нанотехнологиялары» деп атады.

Қала әкімшілігі шұңқырлардағы кірпіштерді «уақытша шара» деп хабарлады. Жазда орташа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп уәде берді.

"Шұңқырлардағы кірпіштердің пайда болуы - Атырауда тұрақты жылы ауа райы басталған соң қолға алынған, жөндеу жұмыстары басталғанға дейінгі уақытша шара. Жөндеу жұмыстары наурыздың үшінші онкүндігіне алдын ала жоспарланған. Ал бүгінгі жұмыс оны барынша азайтуға бағытталған, жүргізушілерге ыңғайсыздық тудырмас үшін», - деп жауап берді әкімдік.

Серіктес жаңалықтары