×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Мен ұялдым: АҚШ Мемдепартаменті сыйлығының иегері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін сынға алды

12.03.2023, 14:40
Ашық дереккөз

Ақ үйде АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Әйелдер ерлігі үшін» сыйлығын алған қазақстандық белгілі құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қазақстандық дипломаттарды сынға алды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды

Төреғожина сыйлықты 8 наурызда Энтони Блинкеннің қолынан алды.

«Қазақстандағы адам өліміне және азаптаулар туралы сенімді хабарларға әкеп соқтырған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина интернеттің үзілгеніне қарамастан телефон қоңыраулары арқылы адам құқықтарының бұзылғанын әшкереледі, содан кейін ол құқық бұзушылықтарды құжаттау және азаптау мен қатыгездіктер құрбандарына құқықтық және психологиялық көмек көрсету үшін коалиция құрды», - делінген Мемлекеттік департаменттің сайтында.

Бүгін құқық қорғаушы Ақ үй лауреаттарды марапаттау салтанатына сыйлық алуған келген азаматтардың елдерінің елшіліктерін де шақырғанын жеткізді. Бірақ Төреғожинаның айтуынша, шараға қазақстандық өкілдер қатыспаған.

"Жиынға Қазақстаннан басқа барлық елдерден келді. Барлық елшіліктер өз лауреаттарын құттықтады, суретке түсті. Мен Ақорданың саяси қарсыласы екенімді түсінемін, бірақ мен Қазақстанның азаматымын. Неге жұрттың алдында өзімізді масқаралауымыз керек? Қиындыққа тап болған өз азаматтарын қорғаймыз, бірақ Біздің Сыртқы істер министрлігі марапат алып, Қазақстанның атынан шыққанда құттықтамайды, мен ұялдым», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Ержан Ашықбаев 2021 жылдың сәуірінен бері Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі қызметін атқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары