Талдықорған маңындағы Қарабұлақ ауылында жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел екі баласымен бірге көз жұмды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оларды Audi-80 көлігін мінген 19 жастағы жігіт қағып кеткен. Балалардың жасы 6-да және бір жарымда болған. Үшеуі де оқиға орнында жан тапсырды.
Қазір қылмыстық іс қозғалды. Жас жігіт уақытша оқшаулағышқа қамалды. Автокөлік тәркіленіп, айыптау тұрағына қойылды.