×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Жұмыссыздық пен қымбатшылық: Ресей экономикасы шатқаяқтап барады

24.04.2022, 12:42
Фото: Ашық дереккөзден

Бұған дейін Ресейге қарсы Батыс елдері санкциялардың бес пакетін енгізді. The Wall Street Journal газеті осы аптада Ресейдің дефолтқа жақындап қалғанын жариялады. Яғни егер Ресей доллармен алған қарызын әлем елдеріне қайтара алмаса, дефолттың өзі 4 мамырда келіп қалуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы DW ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Әйтсе де экономистер санкциялар салдарынан Ресей экономикасы толық құлайды деп есептемейді. Белгілі бір уақыттан кейін ол қалпына келе бастауы мүмкін. Алайда мұның өзі өте күрделі шаруа.

Қаржыгер Андрей Мовчанның айтуынша, жағымсыз тенденциялар қазірдің өзінде анық көрініс бере бастаған. Инфляция, тауарлардың жетіспеуі мен жұмыссыздық Ресейде күннен күнге ушығып барады.

«Нақты проблема қашан басталады? Ең бірінші кезекте, өндіріске қажетті қосалқы бөлшектер таусылғанда! Кәсіпорындардың кейбірінде қазір 1, екіншісінде 2 немесе 3 айлық қосалқы бөлшектер қоры бар шығар. Көктемнің соңында бұл мәселе өзекті бола түспек. Алдымен автоөндіріс пен машина құрау, содан кейін басқа салаларда тығырыққа тіреледі. Өйткені қор жоқ», - дейді ол.

Екіншіден, валюта қоры да азаю үстінде. Бірқатар елдер Ресейдің қазба байлықтарынан бас тартса, оны Мәскеу тіпті өткір сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда Ресей валютаның аздығынан өз елінде шығарылатын тауарларды басқа елдерге сата алмайды.

Егінге келгенде де Ресей қиналады. Өйткені дән қоры аз. Дәнді-дақылдарды жетілдіретін технология болмағандықтан, азық-түлік проблемасы Ресейді қыса түседі. Мұның соңы мал шаруашылығынан түсетін түсімді де азайтады. Бұл мәселелердің бәрі бірінен кейін бірі келеді.

Құрылыс саласында да қиындықтар туындайды. Өйткені құрылыс саласы импортқа тәуелді. Ал авиапарктерді қосалқы бөлшектер жетіспегендіктен пайдалану тағы қиын. Тіпті теміржолдар да қазір дағдарып қалған, себебі подшивник өндіретін АҚШ компаниялары Ресейден кетіп жатыр. Сондықтан подшивник өндіретін елдерді Ресей Азиядан іздеуге мәжбүр.

Ал кәсіпкер Дмитрий Потапенконың есептеуінше, қарапайым ресейліктер осы проблемалардың бәрін бірден сезінбейді.

«Теледидар тоңазытқышты ешқашан жеңе алмайды. Ресейліктердің басым көпшілігі басқа елге шықпайды деген күннің өзінде наразылық ұлғая береді. Өйткені жылы дәретхананың өзі халықтың 66 пайызының үйінде жоқ. Мәскеудің шетінде тіпті халықтың бір шоғыры соғыс кезінде салынған барақ үйлерде тұрып жатыр», - деп есептейді кәсіпкер.

Ресейде инфляция биыл 20 пайызды құрайтыны болжанып отыр. Жалпы ішкі өнім 11 пайызға құлдырайды. Қазірдің өзінде шетелдік 600 компания Ресейдегі жұмысын тоқтатқан.

«Маман ретінде кәсіпорындар тоқтап, автокәсіпорындар жабылып жатқанына куә болып отырмыз. Ал билік бұдан қандай да бір шешім шығарды ма? Ешқандай! Ешкім алаңдап жатқан жоқ», - деп кеииді Дмитрий Потапенко.

Бірнеше күн бұрын Ресейдегі есеп палатасының бастығы Алексей Пудрин қазіргі санкциялар жағдайында Ресей экономикасын қайта құруға 2 жыл кететінін мәлімдеген. Ал оны күтпестен Еуропа елдері санкциялардың алтыншы пакетін енгізгелі жатыр.