Кешелі бері тараған шағын видео Қазақстанның да, Қырғызстанның да әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аталған видео Моңғолияда күрестен өткен әлем чемпионаты кезінде түсірілген. Қырғызстандық спортшы Айсұлу Тыныбекова финалда аяқтан жарақат алған. Осының салдарынан марапаттауға шыға алмаған.
Оны қонақ үйдегі бөлмесіне дейін Қазақстанның спортшысы көтеріп әкелген. Қазақ-қырғыз бір туған деп тамсанып жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.