×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

WhatsApp-тың жаңадан қызметтері іске қосылады

13.03.2023, 07:43
Фото: Ашық дереккөзден

WhatsApp мәсенжері жалпы чаттарда жазатын белгісіз нөмірлердің есімін көрсететін болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы WABetaInfo ақпарат көзіне сілтеме жасап.

WhatsApp мәсенжерін әзірлеушілер оны пайдалану процесін ыңғайлырақ ететін, сондай-ақ алаяқтар мен спамерлерден қорғайтын жаңа және пайдалы мүмкіндіктерді енгізуге дайындалып жатыр.

WhatsApp-тың бета-нұсқасы белгісіз нөмірлерден келетін кіріс қоңырауларды автоматты түрде «блоктау» функциясына ие болды. Бұл спамға қарсы толық емес, бірақ жарнамалық немесе күмәнді ұсыныстармен бейтаныс адамдар үнемі қоңырау шалатындар үшін өте пайдалы нұсқа.

Қазіргі уақытта белгісіз қолданушы топтық чатқа жазса, WhatsApp оның нөмірін ғана көрсетеді. Бірақ жаңашылдыққа сәйкес, нөмірдің орнына белгісіз қоңырау шалушының аты көрсетіледі. Мұндай жаңалық әр контактіні бөлек сақтамай-ақ әңгімелесушілер мен олардың хабарламаларын тануды жеңілдетуі керек. Сонымен қатар, мұндай жазылушылардың нөмірлері әлі де көру үшін қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары