Қырғызстандық kaktus.media порталы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына баратынын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Қожошев пен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың кездесуі барысында белгілі болды.
Қазақстан президентінің Қырғызстанға сапарының нақты мерзімі туралы хабарланған жоқ.
Сонымен қатар, 29 сәуірде Бішкекте өткен қырғыз-қазақстан үкіметаралық кеңесінің 10-шы отырысына қатысу үшін Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Қырғызстанға сапары туралы белгілі болып отыр.