×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Жалған АҚШ долларын сатып келген ұйымдастырушы ұсталды – ҰҚК

13.03.2023, 10:35
Фото: ҚР ҰҚК

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Жамбыл облысының аумағында қарудың және жалған шетел валютасының заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Комитеттің мәліметінше, қылмыстық қару мен жалған АҚШ долларын сатудың жасырын арнасы жұмысын жолға қойған қылмыстық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы ұсталған. Операция алдында ұзақ уақыт жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, атқыш қару, оқ-дәрі, сонымен қатар жалған америкалық банкноттарды әкелудің тұрақты қылмыстық жүйесі анықталып, құжаттанды.

Қылмыскерлер жасырыну шараларын қатаң сақтап, заманауи техникалық байланыс құралдарын қолдануы олардың әрекетін әшкерелеуде қиындық тудырған. Күдіктінің заңға қайшы әрекеті еліміздің қоғамдық-экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндірген. Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстық бизнес жойылды.

Заңсыз айналымнан 4 бірлік қару: «Калашников» автоматының жетілдірілген түрлері, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықтар, 450 астам оқ-дәрі және аса ірі көлемде жалған АҚШ доллары алынды. Ұсталған адам қылмысын мойындады және ҚР ҚПК 128-бабы негізінде сот рұқсатымен 2 айға тергеу изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары