×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қарағандыда қарттар үйінің басшысы қамалды

25.04.2022, 11:02
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қарағанды облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің департаменті қарттар үйінде тұратындардың зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің басшысы және әлеуметтік қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпаратта.

Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Айта кетейік, әлеуметтік нысанда қамқорлыққа алынған 90 қарт бар, оның 30-ы мүгедек, 60-ы зейнеткер.