×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

310 мың теңге пара үшін Астанада шенеунік 9 миллион теңгеге жазаланды

13.03.2023, 12:52
310 мың теңге пара үшін Астанада шенеунік 9 миллион теңгеге жазаланды
Фото: Ашық дереккөзден

Астананың аудандық соты елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысына пара алғаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу барысында шенеуніктің жұмыссыз азаматтарды оқытуға келісім-шарт жасасу, сондай-ақ олар бойынша төлем жасау үшін ЖШС директорынан 310 мың теңге алғаны анықталды.

Сотта оның кінәсі толық дәлелденді. Ақыры шенеунік параның 30 еселенген сомасы – 9,3 млн теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

Пара берген ЖШС директоры да жазасыз қалмады. Оған 6,2 миллион теңге айыппұл салынды.

Өмір бойына сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана-Зеленстрой» компаниясының бас директоры 9 миллион теңге пара үшін 185 миллион көлемінде жазаға тартылғаны хабарланған болатын.