×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Ұлыбритания СІМ басшысы Қазақстанға келеді

13.03.2023, 16:16
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, Ұлыбритания СІМ басшысы Джеймс Клеверли Қазақстанда 17-18 наурыз аралығында болады. Сапары кезінде Қазақстанның жоғары лауазымды басшыларымен кездеседі.

«Астанаға келген кезде президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Әлихан Смайыловпен, сонымен қатар Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшылығымен келіссөз жүргізеді. Сапар аясында Астанада ІІ Елизаветаның скверін ашу көзделіп отыр”, – деді Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келіп кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары