×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Динара Сәдуақасова қызметке тағайындалды

13.03.2023, 18:03
Ашық дереккөз

Белгілі қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Астана қалалық федерация президенті Абзал Сағымбаевтың ұсынысымен федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бірауыздан қолдады»,- деп жазды Динара Садуакасова Instagram парақшасында. Ол ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімі мен энергиясын шахматтың көркеюіне барынша жұмсайтынын айтты.

 

Серіктес жаңалықтары