×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Ғабидулла Әбдрахимов бюрократиядан арылу туралы пікір білдірді

26.04.2022, 10:41
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттің экс-әкімі Ғабидулла Әбдрахимов бюрократиядан арылу туралы Жарлыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2022 жылғы 14 сәуірде Мемлекет басшысы «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған болаты.

«Мемлекеттік аппаратта реформалар қашанда қажет. Себебі жеке сектордағы қызметтерге қарағанда, мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік органдар монополиялық, баламасыз негізде көрсетеді. Яғни, төлқұжатты тек Ішкі істер министрлігінен, ЖСН-ді тек салық органдарынан, құрылысқа рұқсатты тек әкімдіктен алуға болады, лицензия және басқа да құжаттарды тек мемлекет береді», – дейді Ғабидулла Абдрахимов.

Оның пікірінше, мемлекеттік секторда мемлекеттік қызметшілер жұмысының және олар көрсететін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын үнемі арттырып отыру қажет.

«Осыған орай, жоғарыда аталған Жарлықтың қабылдануы – Президентіміздің бюрократия және сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресуге бағытталған зор саяси ерік-жігерінің көрінісі, яғни мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруға, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруда «қызмет етудің жалған көрінісі» қағидасымен емес, азаматтардың нақты және өзекті мәселелерін жылдам шешуге арналған», – деді экс-әкім.