×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Kcell-дің қаржы директоры 467 млн теңгені құмар ойындарына жұмсаған

26.04.2022, 11:43
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы қаласы бойынша ҚМА аумақтық департаменті 450 миллион теңге жымқырған "Kcell Solutions" ЖШС бұрынғы қаржы директорына қатысты тергеуді аяқтады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол құжатты қолдан жасап, өзіне заңсыз аванс беру арқылы "Кселл" АҚ қаражатын аса ірі көлемде жымқырған. Тергеуді қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді.

"Тергеу барысында компанияның бұрынғы қаржы директоры 2018 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 5 компанияның есепшотына ақша аудару арқылы қаражат ұрлаған. Сондай-ақ өзіне жалпы сомасы 467 миллионнан астам теңгені құрайтын аванс бергені анықталды", - делінген ақпаратта.

Ол ұрланған ақшаны Алматыдағы букмекерлік кеңселерде жұмсаған. Сот үкімімен Мади Шөкей Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ ол 10 жыл бойы қаржылық жауапкершілікке байланысты қызметті атқару құқығынан айырылды.