×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Гүлмира Сатыбалды ісі: сотталушы жәбірленушілерге ақша беруге әрекеттеніп жатыр

14.03.2023, 10:31
Гүлмира Сатыбалды ісі: сотталушы жәбірленушілерге ақша беруге әрекеттеніп жатыр
видеодан кадр

Астанада Байқоңыр ауданының N2 сотында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталып отыр. Екі кәсіпкер бизнестері рейдерлік жолмен басып алынғанын айтты. Сотталушылар қатарында Гүлмира Сатыбалдыдан бөлек, оның жүргізушісі мен көмекшісі бар. Жәбірленушілер – белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов және Maxi Bottlers ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева.

Сот отырысы барысында Алагөзовтың адвокаты Ақмарал Бұралқиева сотқа Гүлмира Сатыбалды келтірілген залалды өтеуге және медиативтік келісім жасасуға әрекеттенгенін айтты.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Сатыбалды тарапынан залалды өтеуге тырысу әрекеттері жасалды. Қазіргі уақытта, атап айтқанда, алдын ала сот отырысы өткізілгеннен кейін біз медиативтік келісімнің шарттары бойынша уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл келісім менің клиентім Алагөзовқа ғана емес, жәбірленуші Мекешеваға да қатысты. Оған қол қою үшін бізге уақыт керек", -  деді адвокат

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасуда.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Сондай-ақ, прокурор Әлмира Қожахметова Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқанын айтқан.

Айта кетсек, Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.