×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Сот вайнерлерге қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды

26.04.2022, 15:05
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаржылық пирамидасына қатысы бар деген күдікке ілінген вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты он тәулікке қамауға алу түріндегі шарасын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бұдан бұрын Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен шығарылған Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты он тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Аталмыш соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды. Аталған іске қатысты өзге де ақпаратты ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сай тергеу орындарынан білуге болады», - деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің өкілі Абай Жарылқасын.

Айта кетсек, сот актісіне қатысты күдіктілердің өкілдері апелляциялық шағым түсірген болатын.

Жұрт бүгін де ақшасын ала алмай жүрген Mudarabah Capital компаниясын вайнерлер бір кездері жарнамалаған болатын. Олардың қатарында Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев пен Мейірхан Шерниязов болған.

Сот танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азизжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязовты қамауға алу туралы шешім шығарды. Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 млн теңгесін қайтара алмаған әйел өзін-өзі өртеп жіберді.