×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

"Алматылық атқыш" өмір бойына бас бостандығынан айырылды

26.04.2022, 15:27
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматыда бес адамды өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот 54 жастағы Дужновты екі полиция қызметкері мен сот орындаушысын, сондай-ақ үйінің жаңа қожайыны мен куәгерді өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

"Джуновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалсын", - деп судья еркін Майшинов үкім шығарды.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Дужнов отбасын үйден шығаруға келгендерге оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа қожайыны мен оның досы қаза тапты. Дужновқа бірден “Адам өлтіру” және “Билік өкіліне күш қолдану” баптары бойынша айып тағылды.

Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушының бес адамның өмірін қиғанынан бөлек, Донбасстағы әскери қақтығысқа да қатысқаны белгілі болған еді.