×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

«Сергектің» жаңа жүйесі бір күнде 12 миллион теңге айыппұл өндірді

27.04.2022, 09:51
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

"Қорғау Сергек" бағдарламасының көмегімен жалған нөмірлі көліктердің жүргізушілері анықталып жатыр, деп хабарлады Ulysmedia.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алматыда "Қорғау Сергек" жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді. Оның көмегімен жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушісі, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілді", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Алматыда жалған мемлекеттік нөмірмен жүретін, көлікке арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан және көлікті мас күйде жүргізген адамдарды анықтап, жауапқа тарту жұмыстары жалғасуда.

"Өткен тәулікте қала жолдарындағы "Қорғау Сергек" жүйесі жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқық бұзушылық жасаған. Бұл көліктер арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды", - Манап Саттаров.

Айыппұл салынғандар арасында – 1992 жылы туған А.есімді азамат бар. Оған жол қозғалысы ережесін 92 мәрте бұзғаны үшін 1 млн 541 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.