×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қазақ даласына жолбарысты жерсіндіру жобасы Тоқаев пен Путиннің қызу әңгімесіне арқау болды

30.09.2021, 13:57
Коллаж: ulysmedia.kz

Қазақстан мен Ресейдің ХVІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында қазақ даласында жолбарысты қайта жерсіндіру мәселесі біршама әңгіме болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Форум барысында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның экология министрі Серікқали Брекешовтен «Қазақстанда жолбарыстар тіршілік етпей ме?» деп сұрады. Айта кетсек, аталған форумда негізінен экология мәселесі талқыланған болатын.

Бұл сұраққа Серікқали Брекешов Қазақстанда жолбарыстың тіршілік етпейтінін, оны қайтадан жерсіндіру мәселесі пысықталып жатқанын, кезінде қазақ даласында жолбарыс популяция болғанын мәлім етті. Министрдің сөзін президент Қасым-Жомарт Тоқаев іліп әкетті.

«Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстанда жолбарыс болған. Осыдан кейін ұлы отан соғысы алдында олар Қазақстан аумағынан жоғалып кетті. Ол – дала жолбарыстары. Тұран жолбарыстары. Сол себепті қазір біз Қазақстанда жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру бойынша халықаралық жобаны жүзеге асырғалы жатыр. Ресейлік ғалымдарды осы жобаға атсасылуға шақырамыз. Бұл үшін арнайы аумақ бөлінді. Бұл өте қызықты әрі келешегі зор жоба», - деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Владимир Путин Ресейде де мұндай жоба іске асырылғанын, жолбарыстар Ресейге Тәжікстан, Иран даласынан әкелінгенін мәлім етті. Осылайша ресейлік мамандар жолбарыстың популяциясын қалпына келтіріп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев болса жолбарыстар Үндістанда болсын, Иранда болсын бірдей екенін айтқан. Алайда осы кезде Путин сөзге араласты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, мұныңыз қалай, Ресейде жолбарыстар ең ірі емес пе еді?» - деп күлді.

Бұған қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев оны білетінін, мәселені бақылап отырғанын мәлім етті.

«Бұл әрине, оңай мәселе емес. Алайда жолбарыстың аты жолбарыс. Біз Қазақстанда бір кезде болған популяцияны қалпына келтіргіміз келеді. Әлбетте, кезінде болған популяцияны 100 пайыз қалпына келтіру мүмкін емес. Алайда тырысып көру керек. Бізге басқа мемлекеттер көмектесіп жатыр. ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдар. Әлбетте, бұл ретте Ресейдің де араласуы маңызды. Менің ойымша, экология министрі осы мәселені дұрыс көтеріп отыр», - деді Тоқаев.

Владимир Путин жауап ретінде бұл мәселеге Ресей үкіметтік деңгейде араласатынын, сарапшыларды да тартуға дайын екенін білдірді.

«Бізде соңғы жылдары бұл бағытта өте жақсы тәжірибе қалыптасты. Оны қуана-қуана бөлісеміз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары