×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Депутаттарды жарнамалау үшін бюджеттен 42 миллион теңге бөлінген

27.04.2022, 12:07
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматыда мәслихат депутаттардың жұмысын әлеуметтік желідер мен БАҚ-та жариялау үшін бюджеттен 42 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz protenge.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұл қаржыға депутаттардың сұхбаттары, қалай жұмыс жасап жатқандығы туралы ақпараттар, репортаждар дайындалады. Алайда журналистердің бұл бағытта жазған дүниесі міндетті түрде депутаттардың қарауынан өтеді және барлық мәліметті депутаттар береді.

“Біріншіден депутаттардың берген ақпараты қаншалықты шындық екеніне көз жеткізе алмайсыз. Екіншіден бұл қала әкімдігі үшін өте қымбат сома. Мәселен, осы 42 миллион теңгеге 15 балалар ойнайтын алаң салуға немесе төрт қалалық мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады. Сонда ғана қай депутаттың қаншалықты жұмыс жасап жүргені белгілі болар еді”, – дейді protenge.kz арнасы.

Егер әр депутат өзі туралы ақпарат жариялау үшін қалтасынан қаржы төлесе қалай болар еді?

Әрине, болар еді. Себебі, мәслихатта отырған депутаттардың барлығы дерлік кәсіпкерлер. Демек, қаржылары да бар. Егер қажылары болмаса әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы атқарып жүрген жұмыстар туралы жазуларына болады.

Сонда бюжеттен осыншама қаржы шығындаудың қажеті болмас еді.