×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанның 7 өңірінде өнеркәсіп өндірісі төмендеді

15.03.2023, 14:31
primeminister.kz

Елімізде 2023 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіпте 7134 млрд теңгеге өнім өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кен өндіру саласында – 3411 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 47,8%), өңдеу саласында – 3132 млрд теңгеге (43,9%) өнім өндірілген.

“Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 2,5%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда – 4,6%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 3,2% байқалады. Табиғи газды (101,1%), темірді қоспағанда, кендерді (107,6%), өзге де пайдалы қазбаларды (112,9%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-ақпанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,5% құрады”, – делінген хабарламада.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өндіріс индексі 102,5%-ды құрады. Өсімдік тамақ өнімдері – 9,6%, сусындар – 22,6%,  өңделген мұнай өнімдері – 6,5%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 9,4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 16,7%, машина жасауда 31,5% болып белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 13 өңірінде тіркелді, ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында, керісінше, төмендеген.

Серіктес жаңалықтары