×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Бүгін – Қадыр түні

27.04.2022, 17:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Биыл Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қадыр түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы "қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн" дегенді білдіреді. Қадыр түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған. Ораза айында мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадыр түніне сәйкес келеді. Қадыр түні туралы Құран Кәрімнің "Қадір сүресінде" де айтылған.

Қадыр түнінде не істеу керек?

Қадыр түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәларыңыз үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн. Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт - қадыр түні. 

Қадыр түнінде не істемеу керек?

- Ішімдік ішуге болмайды.

- Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды.

- Түнде ұйықтамаған абзал, оның орнына құлшылық еткен жөн.

- Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды.

- Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізуге болмайды.

Қадыр түнін қайда өткізу керек?

Бұл түнді үйде немесе мешітте өткізеді. Түнді жалғыз да, жамағатпен де қарсы алуға болады. Қадыр түнінде намаз, Құран оқылады. Сонымен қатар, болашаққа жоспарлар құрылады, өткен істері үшін кешірім сұрайды.