×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

СІМ ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне пікір білдірді

27.04.2022, 17:54

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянның шулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Кеосаянға Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін әлеуметтік желілерде Кеосаянның Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видеосы пайда болды.

“Қазақтар, алғыстарың қайда? Сендер Ресейді дүниежүзінен жоқ болып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Украинаға қараңдар да, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар біздің қарым-қатынасымызды қайта қарауы керек”, – дейді Тигран мәлімдемесінде.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді.

“Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады. Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының «пайдасына» түседі. Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын”, деді Айбек Смадияров.