×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

БҰҰ Бас хатшысы Украинаға барды

28.04.2022, 09:40
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Twitter-ге гуманитарлық қолдауды кеңейту және бейбіт тұрғындарды қақтығыс аймақтарынан эвакуациялауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатынын жазды.

Сейсенбі күні Гутерриш Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен және сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесіп, одан кейін Польша арқылы Украинаға аттанған еді.

Бейсенбі, 28 сәуірде Гутерриш Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездеседі.