×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

15 мың теңгелік видео және "краш-кандидаттар": Respublica блогерлерді қалай сатып алып жатыр

16.03.2023, 08:28
15 мың теңгелік видео және "краш-кандидаттар": Respublica блогерлерді қалай сатып алып жатыр
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына санаулы күн қалды. Кандидаттар мен түрлі партиялар халықтың назарын өзіне аудару үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Ras aitamyn Telegram-арнасының авторлары Respublica партиясының үміткерлері қолданып жатқан өзін-өзі жарнамалаудың өте қызықты тәсілдері жайлы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өзін кәсіпкерлер партиясы ретінде танытқан Respublica Тиктокта өзінің әуенін таратты. “Жаңа адамдар, жаңа қадамдар, каждый авторитет в Республике” деген жолдары бар әуенге  блогерлер мен желі ықпалдыларының біразы бірсарынды видео түсіріп, би билеген.

Партия өзін-өзі жарнамалаудың тағы бір “ерекше” тәсілін қолдануда – желіде жас қыздар "краш кандидат" тірек сөзімен видео түсіріп, үміткерлердің сымбатына тамсануда.

"Қандай биг және вип азамат! Мен кімге дауыс беретінімді білемін", "Мен ешқашан саясатқа араласпадым, бірақ ол...", "Қазақстандағы ең әдемі депутат!" деп жарыса жазып жатыр желідегі арулар.

Дауыс беру қажеттігі туралы айта отырып, жарияланым авторлары үміткердің сыртқы келбетіне назар аударады, алайда олардың өмірбаяны мен сайлау бағдарламасы жайлы айтылмайды.

Блогерлердің бірі Ras Aitamyn-ға партия өкілдері блогерлерді қалай сатып алып жатқанын айтып берген. Ол Айдарбектің фотосымен, "Жаңа адамдардар, жаңа қадамдар" хэштегімен түсірілетін видео үшін оған 15 000 теңге ұсынылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, 5 мың және оданкөп жазылушысы бар блогерлердің TikTok-та Telegram чаты бар, онда әкімші видео түсіру тапсырыстарын жіберіп отырады, не түсіру керегін, қалай түсіру керегін айтады.

"Әкімші маған өзі жазып, дайын роликті қайталап, Respublica партиясы өкілдерінің бірінің суретін қосып, 15 000 теңгеге видео түсіруді өтінді. Мен бұл тапсырысты орындаудан бас тарттым", - дейді блогер.

Айта кетсек, Respublica партиясының құрылғаны туралы бизнесмен Бейбіт Әлібеков 2022 жылғы 29 тамызда өзінің Telegram-арнасында жариялады. 18 қаңтарда, сайлауға екі ай қалғанда, Respublica партиясы Әділет министрлігінде ресми түрде тіркелді.

Бұдан бұрын Respublica партиясының съезінде не айтылғанын жазғанбыз.