×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қазақстанда әр отбасыға табысына қарай бір рет жеңіл шартпен үй алу мүмкіндігі берілмек

28.04.2022, 13:25
Фото: Ашық дереккөзден

Отбасы банктің ұлттық институтқа айналатынын «Бәйтерек» холдингі былтыр жариялаған. Бұл ребрендингтің халыққа пайдасы бар ма? Несие жеңілдетілген пайызбен беріле ме? Жоқ әлде үй алу үшін қажетті алғашқы жарнаның мөлшері төменділе ме? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz порталының тілшісі Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа қойды.

«Халықтың табысын арттыру» бағдарламасын Орталық коммуникациялар алаңында таныстырған Ералы Тоғжановқа баспана жайлы сұрақ қойылды. Дәл қазір Отбасы банктегі шотқа бал жинау да қиын, ал төменірек ставкамен үй алу үшін баспана бағасының 50 пайызын жинау екінің бірінің қолынан келмейді.

Ұлттық банк базалық ставканы 14 пайыз шегінде ұстап отырғандықтан, екінші деңгейлі банктер ипотеканы өте үлкен пайызбен береді. Отбасы банктің ұлттық институтқа айналатынын бұған дейін «Бәйтерек» холдингі хабарлаған. Бұл ребрендингтің халыққа пайдасы бар ма?

«Сіздің қойып отырған сұрағыңыздың негізінде бұл мәселені біз қарастыруымыз керек. Сұрағыңызды қабыл алдым. Бұл жерде Ұлттық экономика министрлігі отыр. Ұлттық банк және Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен бірге сіздерге нақты жауабын берейік», - деді Ералы Тоғжанов.

Бұл мәселе жөнінде белгілі блогер Дәулет Мұқаев пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан тұрғын үй компаниясы 12-13 пайыздық ипотека жобасы әзірленіп жатыр.

«Мен ешқандай мемлекет немесе банк қызметкері емеспін. Керісінше, осындай ақпараттарды баспанаға бағыт беруде шамам келгенше көмектесем. Базалық мөлшерлеме 14 пайыз болса, жаңа бағдарламада жанданатын болады. Қазір тек ұсыныстар қабылданып жатыр. Оның бәрі заң аясында қабылданады», - деді ол.

Әйтсе де баспана мәселесі турасында сұрағымызға негізгі жауапты «Отбасы банк» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матай берді.

«Бұл бойынша бүгінгі таңда жұмыс жүріп жатыр. 17 заңға өзгеріс енгізілуде. Яғни Отбасы банк ұлттық даму институтына айналған кезде табысына сәйкес, әрбір азамат бір рет үкіметтен жеңілдетілген шартпен үй алуға мүмкіндік алады. Яғни бүгінгі таңда тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес, 12 санаттағы азаматтар ғана 10 пайыздық немесе 5 пайыздық алғашқы жарнамен қатысып жатса, ол заң күшіне еніп, толық институтқа айналса, әрбір отбасының табысы белгілі бір мөлшерден төмен болса, үкіметтен бір рет жеңілдетілген шартпен үй алуға өтінім бере алады», - деді ол.