×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

«Самұрық-Қазына» қашан ашық жұмыс істейді

28.04.2022, 13:34
Фото: ҰӘҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев

«Самұрық-Қазына» мемлекет қаржысын қалай жұмсап отыр, ол қаншалықты тиімді және миллиардтаған ақша қайда кетіп жатқанын Ulysmedia.kz анықтауға тырысты.

Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығына арнайы хат жолдап, қарапайым сауалдар қойғымыз келді. «Жұмыс қалай жүргізіледі, штатта қанша адам бар және ақша қалай төленеді?» деген секілді бірнеше сауал жолдадық. Жауап берілді.

Жиырма жыл бойы Қазақстан экономикасындағы ең маңызды құрылым саналған «Самұрық-Қазына» аса құпия жұмыс істегені, БАҚ-қа жариялау қажет ақпаратты іріктеп, саралап қана беріп отырғаны айтпаса да түсінікті болар.

Тәуелсіз директорлардың жалақысы туралы біреу сұрауы мүмкін деп бес жыл бұрын тіпті, ешкім ойламаған шығар. Ол уақытта тек мемлекетті басқарып тұрған тұлғалардың ғана пәрменіне бағынып, сол жандар ғана экономиканы көтеруді талап ете алатын.

Біз бұған дейін бұл турасында ғана емес, Қаңтар оқиғасынан кейін Қордағы жағдай түбегейлі өзгеріп кеткенін де жаздық.

Президент Тоқаевтың қатаң сынынан кейін БАҚ - та Ұлттық әл-ауқат қорында қысқарту жұмыстары жүргізілгені туралы мақалалар жариялана бастады. Қор қызметкерлерінің саны екі есе азайды.

Мәселен, 248 қызметкер штатта жұмысы істесе, оның саны 124-ке жетті. Сондай-ақ басшылық лауазымдағы қызметкерлер саны да екі есе азайтылды.

Неліктен төртке емес, екіге бөлінді?

Қазақстан халқы Қордағы қай бағыттар жабылатынын білгісі келіп, мемлекеттік маңызы бар жобаларға көңіл бөлінбей қала ма деп алаңдай бастады.

21 қаңтарда Тоқаев егер Қор жұмысы ашық әрі тиімді болмаса, таратамын деп ескертті.

24 қаңтарда Қорда екі есе қысқарту жүргізіліп, Басқармада жаңа ұйымдық құрылым бекітілді.

Президент белгілеген мерзімде штат саны қысқартылды, осындай қызметкерлер санымен Қор қалай жұмыс істейтінін ешкім түсіндіре алмады. Мүмкін бұған дейін ауаға жайылған штаттар болған шығар? Бірақ ол үшін неге ешкім жауап бермейді?  Неліктен бұл сұрақты Сәтқалиев мырзаға ешкім қойған жоқ. Ал қазір еңбекақы қоры қандай күйде? Ол да азайып кетті ме, әлде қалған қызметкерлер күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр ме? Бұл қызметі үшін оларға екі есе көп ақша төлене ме?

Тоқаев дәл осы ашықтық принципі жөнінде айтқан болатын. 

Ашықтыққа қол жетпеді

Ulysmedia.kz-тің жалақы жөніндегі жолдаған сауалы аталған құрылымдағы баспасөз қызметкерлерін қатты таңқалдырды. Мүмкін үрейлендірген де шығар.

Бізге Азаматтық кодекс пен «Ақпаратқа қол жеткізу» жөніндегі заңды оқуға кеңес беріп, ҰӘҚ штатының қысқартылып,  еңбекақы қорында 2021 жылмен салыстырғанда, оңтайландыру жұмыстары жүргізілгенін қысқаша хабарлады.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік құрылым қызметінде тағы да «құпия» бар болып шықты. Біз мемлекет қаржысы туралы айтып отырмыз, ал онда қандай құпия болуы мүмкін?

Тым болмаса Ұлттық әл-ауқат қоры тәуелсіз директорларға қанша қаржы жұмсайтынын жөнінде ақпарат беріңіздер деп талап еттік. Бірақ оның да жариялауға болмайтын аса құпия ақпарат екенін білдік.

Қаңтар айында қысқартуға ұшырағандардың қалай жұмысқа қабылданғанын да біле алмадық.  Дегенмен, 124 супер маманды "Самұрық-Қазынаға" бекерден-бекр қызметке алмайды ғой. Олар Президентке шағымданып петицияға, митингтерге шыққан жоқ. Еңбек биржасына да тіркелмеген.

Қор тағы да қысқа-нұсқа жауап беруді ұйғарыпты. Олар мұндай статистиканы жүргізбейді екен.

Өз адамымызды тастамаймыз

Дегенмен жолдаған сауалымыз арқылы Қордың жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдап жатқанын анықтадық. Бұл – қарапайым процедура. Сайттағы бос жұмыс орындары мен қатаң конкурс арқылы алынады. 

- Барлық жаңа қызметкерлер Қордың ішкі нормативтік құжаты мен стандартты еңбек жағдайларына сәйкес қабылданады. Жалақы жөніндегі мәліметтер жария етуге жатпайтын құпия ақпарат болып саналады (ҚР Азаматтық кодексінің 126-б.1-т., т.).3) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 11-бабы 16-тармағы, т.а. ә.ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 28 бабы 2,3 және 8).

Баспасөз қызметіндегілер сайтта жарияланған ресми ақпаратты оқуға кеңес бергендіктен, біз қарап шықтық. Беделді қызметке кімнің қалай алынатыны қызық әрине. Ал одан бар білген ақпарат мынадай:

Ернар Жанәділ – «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық  дамыту жөніндегі басқарушы директоры.

Ернат Бердіғұлов – Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен Басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына"АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған.

Ғибрат Ауғанов – Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқарады.

Сабиғат Рахметов – Инвестициялар департаментінің жобаларды құрылымдау секторының басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ инвестициялар департаментінің директоры.

Біз «Самұрық-Қазына» резерві туралы ақпарат еңбек биржасына түседі деп ойласақ, бар-жоғы компанияның сайтын мұқият оқып шығу ғана керек екен.

Өзгеріс үшін қаржыдан аянудың қажеті жоқ

Қор жұмысы жөнінде тоқталуға тиіс бір құрылым бар. Ал оны Ғибрат Ауғанов тізгіндейді. Ол тек коммуникацияларды ғана емес, сонымен қатар стратегиялық өзгерістер жөніндегі тұтас бір бөлімді басқарады.

Ал міндеті жайлы айтсақ, ол коммуникацияның тиімділігімен ғана айналыспайды. Ауысу стратегиясын әзірлеу үшін өзгерістер қажеттілігін анықтайды.

Алайда, бүгінгі коучтар пікіріне сенсек, ең алдымен өзгеріс қажет екеніне сенім болуы қажет. Бұл жағдайда барлығын сараптап, салмақтап, төзімділік таныту маңызды. Келесі қысқартуға дейін Ауғанов мырза қызметіне адалдық танытады деп сенеміз.

Жел де бағытын ауыстырады

Қаңтар айында Қордың Басқарма төрағасы Президенттен қатаң ескертулер алды. Егер шұғыл түрде «Самұрық-Қазына» өзінің тиімділігін дәлелдей алса, Мемлекет басшысы оның қателіктерін ұмытуға уәде берді. Ал бәсекелестері енді Қорды кім басқаруы мүмкін деген сұрақтар жөнінде әңгіме қозғай бастады. Дегенмен Тоқаев пен Сәтқалиевтің кездесуі қарапайым түрде өтті. Қор басшысы есебін алдына жайып, жоспарды орындайтыны туралы уәде берді. 

Ұлттық әл-ауқат қорының басшылығына  Сәтқалиев бір жыл бұрын келді. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қор құрылымында активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі Басқарушы директор қызметін атқарды.

Бұған дейін ол ұзақ жылдар бойы «Самұрық-Қазына» мен «KEGOC»-та жұмыс істеді. Бір компаниядан екіншісіне ауысып жүрді. Яғни, өзіне қажеттілігі бар жерлерде қызмет етті.

Жұртшылық сөзіне сенсек, ол Тимур Құлыбаевтың, Қанат Бозымбаевтың сенімді өкілі болды, тіпті Елбасының отбасымен туыстық қарым-қатынасы туралы да жиі айтылады. Сол үшін ол басына төнген қара бұлттан тез арылды.

Бірақ Бозымбаев ҚҰК директорлар Кеңесінен шығарылып, Құлыбаев экономикалық саясатқа араласқан жоқ, содан да болар Қорды Алмасадам Сәтқалиев өзі басқаруы тиіс болды.

Ол танымал болса да, көпшілікке жұмбақ адам. Тоқаевтың сынынан кейін ол азаматтармен және сарапшылармен жылы қарым-қатынас орната бастады. Ал «Самұрық-Қазынаның» ерекше жетістіктері мен жеңістері болса,  ресми сайты міндетті түрде жариялайды деп сенеміз.