×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Ассамблея атынан Мәжіліс депутаты сайланды

28.04.2022, 17:15
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы депутатық сайлаудың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оған сәйкес Закиржан Кузиев 60,94% дауыспен жеңіске жеткен. Оның қарсыласы Виталий Тварионасқа сайлаушылардың 30,12 пайызы дауыс берген.

Айта кетейік, сайлауға бас-аяғы 425 адам қатысты.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында Мәжілістің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берген еді.