×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

29.04.2022, 09:36
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады. Ведомство қала тұрғындарын оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

29 сәуірде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

Оқу-жаттығулар «ҚТЖ» АҚ жолаушылар техникалық паркінің аумағында (Шу көшесінің аяғы, Әл-Фараби даңғылы менҚошқарбаев көшесінің қилысы) өтеді.

Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел тойтасрыс беру бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру. Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб

Штаб хабарлағандай, жолаушылар техникалық паркінің аумағында шектеу шаралары қарастырылған.

Ұйымдастырушылар халықты оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырды.