×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Сайлауға небары 3 күн қалғанда комиссия Шораевты талаптарға сай деп таныды

16.03.2023, 16:19
әлеуметтік желіден

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораев әлеуметтік желіде Астанадағы №2 округтік сайлау комиссиясынан алған хатын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хатта Арман Шораев жариялаған мәліметтер тексерілгені айтылған.

"Жарияланған мәліметтерге сәйкессіздіктер анықталған жоқ. Тексеру қорытындысы бойынша сіз Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптарға сай екеніңізді хабарлаймыз", - делінген хатта.

Осылайша, Арман Шораев сайлауға қатыса алатынына сенімді болды. Алайда сайлауға дейін небары үш күн қалды, оның бірі – тыныштық күні.

Еске салсақ, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚХП атынан кандидат Нұрия Балтабайқызының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін Арман Шораевты кінәлі деп таныған.

«Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады», - деген еді Шораев.

Сотқа судья Әділбек Дүйсебаев төрелік етті. Іс прокурор Жасұлан Жүсіпбаевтың қарауымен өткен еді.

Ulysmedia.kz порталы сайлау алдында Арман Шораев пен Ермұхамет Ертісбаевты дебат өткізуге шақырған. Алайда Ертісбаев бұл ұсынысты елемеген еді. Ал Шораев алаңымызға келіп, сұхбат берген болатын.

«Мен Ертісбаевты қазақтың жауы деп айта алам. Ол өйткені «мен орыс халқына, Путинге басымды иемін» деген не сөз? Бұл патриоттың сөзі ме? Бұл – малайдың сөзі», - деді Шораев сұхбат кезінде.

Серіктес жаңалықтары