×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Алдағы күндері 0 градусқа дейін күн суытады

29.04.2022, 14:29
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері 30 сәуірге және 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Демалыс және мереке күндері күн суық болады. 1 мамырда тағы бір суық антициклон ел аумағына басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстырады. Суықтың көп бөлігі солтүстік өңірге тиесілі болады, мұнда термометр бағаны түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді", - деп мәлімдеді Қазгидромет.

Мамандар бұл жолы еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында күн жылы, бірақ жауын-шашын болатынын айтты.