75 мың қазақстандық жинақталған зейнетақы қаражатын ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенат депутаттары жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасын екінші оқылымда қабылдады. Осы құжатқа енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтыруларға сенатор Ләззат Қалтаева тоқталды.
“Сонымен, кейбір қазақстандықтар енді зейнетақысын ала алады - бұл зейнетақы жинақтары шамамен 120,5 миллиард теңгені құрайтын 75 мыңнан астам зейнеткерге қатысты”, – деп түсіндірді сенатор.
Сондай-ақ ол Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы зейнетақы активтерінен айына 0,01 пайыздан 0,008 пайызға дейін, бірақ бір жеке зейнетақы шотынан ай сайынғы есептелген мөлшерлеменің 0,04 еселенген мөлшерінен аспайтынын айтты.
2 наурызда қазақстандық жастар кәсіпкерлікті дамыту үшін 5 миллион теңгеге дейін ала алатыны белгілі болды.