×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Биыл елімізде 130 жаңа өнім сыртқы нарыққа шығарылмақ

30.09.2021, 16:30
Биыл елімізде 130 жаңа өнім сыртқы нарыққа шығарылмақ
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан экспорттық әлеуеті жоғары тауарлар мен қызметтерді жедел ілгерілету жобасын іске қосады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Экспорттық әлеуеті жоғары тауарлар мен қызметтерді жеделдету бағытында жаңа жоба іске қосылды. 2021 жылы «Экспорттық акселерация» бағдарламасы аясында 130 жаңа қатысушы сыртқы нарыққа шығарылады, дейді үкімет.

Жалпы алғанда бұл шаралар кешені өнеркәсіптік саясатты тиімді іске асыруға ықпал етіп, жолдауда айтылған өңдеу өнеркәсібі экспортын 1,5 есе арттырып, $24 млрд жеткізуге, сонымен қатар 2025 жылға қарай еңбек өнімділігін 30% өсіруге бағытталған.