×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Зеленский мен Путин G20 саммитінде кездесеуі мүмкін

29.04.2022, 17:38
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Индонезия президенті Джоко Видодо Ресей басшысы Владимир Путин Үлкен жиырмалық саммитіне (G20) баруды жоспарлап отырғанын айтты.  Бұл туралы France Press агенттігі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол қақтығысты тоқтатуға және Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің жүргізілуіне атсалысуға дайын екенін жариялады.

2022 жылдың қараша айында өтетін бұл шараға Украина президенті Владимир Зеленский де шақырылған.

Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псаки саммит өткізетін Индонезияның Украинаны шақыру туралы шешімін АҚШ қолдайды деп мәлімдеген болатын.

Ал Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Владимир Путиннің Джакартадағы Үлкен жиырмалық саммитіне қатысуы туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты.