×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Кей жерлерде үсік жүреді: Мамырда ауа райы қандай болады

30.04.2022, 09:26
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамыр айында атмосфералық процестердің жазғы түріне ауысуыжүзеге асады. Ұзақ жылудан кейін, суық ауа райы қайта оралуы мүмкін, ал түнгі уақытта тіпті үсік жүру ықтималдылығы жоғары.

Сәуір айынан мамыр айына қарай Қазақстан Республикасының солтүстік жартысында, сонымен қатар, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын мөлшерінің көбеюі күтіледі.

Мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28°С, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталады.

ҚР солтүстік-батыс бөлігінде циклондардың өтуімен жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейіннен осындай ауа райы Қазақстанның басқа аудандарында да күтіледі.

Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуымен ауа-райының тұрақсыз сипаты және ауа температурасының ауытқуы болжанады:

  • республиканың батысында түнде +3+13°С, өңірдің солтүстігінде 3°С үсіктен  +8+15°С,  күндіз +10+20°С-тан +18+25°С-қа дейін;
  • еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, кей уақытта 1-6°С үсік, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +10+20°С-тан +5+15°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +15+22°С-қа дейін.

Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының қарқынды шығарылуы нәтижесінде, республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының біртіндеп +25+35°С-қа дейін, ал оңтүстік жартысында +30+35°С, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай мен жаңбыр болжанады, аптап ыстықтың күндіз +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі, дегенмен температуралық фон басым түрде жоғары болуы болжанады.