27 сәуір күні БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры пара алмақ болғаны үшін сотталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми Telegram-арнасының жазуынша, Батыс Қазақстан облысында БҚО бойынша ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры А. Әбілхайыровқа 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған.
Ол Орал қаласының тұрғынынан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 500 мың теңге алуға оқталды деп айыпталды.
Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнаулы атақтарынан айырылған. Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.