×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Шымкентте прокуратура маңында көзге түскен Land Cruiser 300 иесі айыппұл арқалады

30.04.2022, 14:33
Фото: t.me/ainura_zarina

Наурыз айында Шымкенттегі прокуратура автотұрағына қойылған су жаңа Land Cruiser 300 суреті әлеуметтік желілерде тарады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көліктің мемлекеттік нөмірі иесінің қадағалау органына қатысы бар екенін “көрсетіп” тұрғаны да айтылған болатын. 

Telegram-арналардың бірінде жаңа Land Cruiser 300 құны 53 миллион теңге екені, ал оны прокуратура қызметкері айдап жүретіні көрсетілген.

"Иә, дәл осы көлікті тізгіндеп жүр, онда тұрған не бар екен? Қымбат көлік, бірақ оның ата-анасы дәулетті адамдар шығар мүмкін? Алайда мұның бәрі лирика. Біз ақпаратты тексере бастаған кезде осы нөмірдегі көліктің былтыр күзде есептен шығарылғаны анықталды. Демек, жүргізуші жалған нөмірмен жүр ме?", - делінген жазбада.

Шымкент қаласының полиция департаменті аталған көліктің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқару) бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.

"Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері материалдарды Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберді. Сот шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 20 АЕК (60 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.