×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Ақтөбеде ақыл-есі кем балаларды аяусыз ұрып-соққан: Бас прокурор тапсырма берді

01.05.2022, 11:03
Фото: pixabay.com

Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жәбірленгені туралы желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Берік Асылов Twitter желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.

"Ерекше балаларға зорлық-зомбылық көрсету адамгершілікке жатпайды. Ақтөбедегі әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларды жәбірлеу фактісі бойынша ең қатаң шаралар қолданылатын болады. Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі (Жәбірлеу) бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Осыған ұқсас мекемелерді тексеруді тапсырдым", - деп жазды бас прокурор.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбедегі ақыл-есі кем балаларға арналған орталық қызметкері тәрбиеленушілерді аяусыз соққыға жықты деген күдікке ілінген болатын. 

Прокурорлар бейнебақылау жазбаларын қарап, қызметкердің балаларды бірнеше мәрте ұрып-соққанын анықтады.