×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

"Официально айтамын": Қала тұрғынын "сауатсыз" деген Әйтенов сынға ұшырады

01.05.2022, 12:17
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуде түсірілген видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Шаһар басшысы өзіне сұрақ қойған азаматқа "сауатсыз екенсіз" деп жауап беріп, қатаң сынға ұшырады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарының сауалына жауап беріп жатқан сәттегі видеосын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасына жариялаған.

Онда Шымкент әкімінің жиналыс алаңына айналған мейрамханада халық алдына шығып, оларды мазалаған сұрақтар мен мәселелерге қатысты сөз сөйлеп жатқанын көруге болады.

Блогер жария еткен видеоға сүйенсек, Әйтенов өзіне ауыл шаруашылығы саласына қатысты сын айтқан тұрғынға “официально айтамын, сауатсыз кісі екен” деп жауап қайырады.

“Өзіне сұрақ қойған қала тұрғынына “официально сауатсыз кісі екен“ деп бетіне айтты! Шымкент қаласының әкіміне сұрақ қоятын кезде сауаттарыңды ашып барыңдар, әйтпесе официально сауатсыз екендеріңді беттеріңе басады!”,  – деп жазды Айгүл Орынбек видеоны бөлісе отырып.

Қала әкімінің “тым дөрекі” сөйлеуін сынға алған желі қолданушылары видеоға жарыса пікір қалдырды. Олардың басым бөлігі Мұрат Әйтеновті “халықтан өзін жоғары қойып тұр, этиканы сақтамады” деп айыптап жатса, кейбірі оның бұл сөзі “шынайы. боямасыз жауаптың дәлелі” екенін алға тартқан.

“Есеп беру үшін емес, халықпен айтысу үшін келген сияқты ғой. Тоба дедім...”, “Жақсы айтты, әкімдер тек жағымпаздардың қолпаштауын ғана естігісі келіп тұратын жаман әдет бар”, “Айтенов шын беріліп істеп жатқан сияқты қайта. Эмоциясынан-ақ байқауға болады. Басы ауырмайтын адам эмоциясын да білдірмейді”, “Негізі әкім жақсы болсын, жаман болсын, ұнасын, ұнамасын, бірақ біздер өзімізді дөрекі ұстамасақ деймін. Әкімге дік-дік етуі өте дөрекі. Әдепті қоғам қалыптастыра білсек. Бұл менің жеке пікірім”, “Бұнысы жарамады елдің көзінше халыққа сауатсыз деп айтуға құқығы жоқ . Халыққа қызмет ететін адам бұлай демейді ...”, – деген сынды пікірлерін жаудырды желі қолданушылары.