×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қазақстанда кепілсіз несиелер пайызы 4,5 есе төмендетіледі

01.05.2022, 14:48
Фото: Ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банк басқармасының «Шағын несие беру шарты бойынша сыйақының шекті мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына тиісті өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік жеке тұлғамен жасалған микронесие шарты бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеуді жоспарлап отыр:

берілген микронесие сомасының 20 % мөлшерінде берілген микронесие сомасын толығымен жабатын мүлік кепілімен қамтамасыз етілсе;

мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, берілген микронесие сомасының 5,5% (қазір – 25%) мөлшерінде болса.

«Жоба халықтың борыштық жүктемесінің өсуін шектеу және жеке тұлғаларға 50 АЕК-ке дейінгі және 45 күнге дейінгі мерзімге берілген шағын несиелер бойынша қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында әзірленген», - деп түсіндірді хабарламада.

Ulysmedia.kz бұған дейін халық бюджеттің баспанаға арналған миллиардтары үшін шайқаста олигархтардан қалай жеңілгенін жазған болатын.