×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

4 шаршы метрді жалдау құны – 1 млн теңге: FlyArystan Атырау әуежайына шүйлікті

17.03.2023, 17:21
wallpaperflare.com

FlyArystan отандық лоукостері Атырау әуежайын компания қызметіне кедергі келтірді деп айыптайтын ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау әуежайы FlyArystan компаниясынан терминалда 4 шаршы метрді жалға алу үшін айына 1 миллион теңге талап етіп, iJan өзіне-өзі қызмет көрсетудің жоғары технологиялық терминалдарын өшіріп тастаған.

Компания мәліметінше, бұл Атырау облысындағы жалға берудің орташа құнынан 50 есе артық.

"Әуежайдың нарықтық бағаға сәйкес келмейтін коммерциялық ұсынысын алғаннан кейін компания диалог құрып, әуежай басшылығына қазақстандық авиацияны дамытуға, сондай-ақ өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау қажеттігін жеткізуге тырысты",  – делінген хабарламада.

Алайда, әуежай басшылығы 2023 жылдың 13 наурызында қолданыстағы терминалдарды өшірілетінін айтып, жалдау шарттарын қайта қараудан бас тартыпты.

"13 наурызда келіссөздерді аяқтамай, iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарын өшіріп, авиакомпанияның операциялық қызметін бұзып, лоукостер жолаушыларын адастырды. Осыдан кейін авиакомпания iJan терминалдары үшін алаңды жалға алуға жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану тұрғысынан тергеу жүргізуді сұрап, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне өтініш берді", - деп хабарлады FlyArystan.

Сондай-ақ, компания Атырау әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету үшін әуежай ақысы тым жоғары екенін атап өтті. FlyArystan мәліметтері бойынша, Атырау әуежайы Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әуе айлақтарынан 60%-ға дейін, ал басқа өңірлік операторлардан 75%-ға дейін артық ақы алады.

iJan – бұл өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары, оның көмегімен жолаушылар өз бетінше тіркеле алады, отырғызу талонын басып шығарады, жүктерін тіркейді,борттағы орынды таңдайды және т.б.

“FlyArystan уәкілетті органдардан Атырау әуежайының қызметіне тексеру жүргізуді сұрайды және ҚР авиация саласының барлық қатысушыларын авиакомпанияның өнімді қызметінің мүмкіндігі үшін проблеманы шешуге жәрдемдесуге шақырады”, –  деп қорытындылады компания.

Серіктес жаңалықтары