×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қанаатов: Менің кінәм – Қарақалпақстандағы наразылық туралы видеоларды қазақстандық БАҚ-қа жібергенім

17.03.2023, 18:32
Ашық дереккөз

Қарақалпақстандағы наразылық шараларын жариялаған журналист Есімқан Қанаатов өзінің кінәсі туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің кінәм – Қарақалпақстанда өтіп жатқан наразылық акцияларының кадрларын қазақ және ресейлік БАҚ-қа жібергенім. Мен Өзбекстанның БАҚ-тары болып жатқан оқиғаны жарияламайтынын түсіндім. Мен үлкен қателік жасадым», - деді Қанағатов.

Еске салайық, журналистер Әбдімәлік Қожаназаров пен Есімқан Қанағатовтың әрқайсысы 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын.

Сондай-ақ сот сотталушылардан 6,5 миллиард сумнан (570 мың долларға жуық) астам сомаға ортақ материалдық залалды өндіру және сотталушыларға тиесілі қылмыстық іс аясында тәркіленген мүлікті осы залалды өтеуге жіберу туралы шешім шығарды.

2022 жылдың 1 шілдесінде Нөкіс, Мұйнақ және басқа қалаларда Конституцияға Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін жойған түзетулерге қарсы наразылық акциялары басталды. Бірақ билік бұл шерулерді билікті басып алу әрекеті деп бағалап, демонстранттарға қарсы көзден жас ағызатын газ, резеңке оқтар мен түтін бомбаларын қолданған.

Ресми мәліметтерге қарағанда, наразылық білдірушілермен қақтығыс салдарынан 21 адам қаза тапқан. Барлығы 243 адам зардап шекті.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Нөкіс қаласына сапарынан кейин Өзбекстан Парламенті Конституцияға өзгертулер енгізу жобасынан Қарақалпақстанның суверенитеті туралы баптарды алып тастады.

2023 жылдың 31 қаңтарында Бұхара облысының соты жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін айыпталған 22 қарақалпақстандыққа қатысты үкім шығарды. Тәжімұратов 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша басқа айыпталушылардың көпшілігі үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы үш адамға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді, айыпталушылардың тізіміндегі жалғыз әйел журналист Лолагүл Қаллыханова шартты түрде сотталды.

Бірнеше күннен кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Полат Шәмшетовтың Бұхарадағы тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Билік өлімнің себебі жүрек талмасынан болғанын айтады.

Бұған дейін белгілі болғандай, 2022 жылдың шілде айында Қарақалпақстанда өткен митингтерде қауіпсіздік күштерінің заңсыз әрекеттері туралы істі тергеу барысында құқық қорғау органдарының үш қызметкері қамауға алынған.

Серіктес жаңалықтары