×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Утильалымдағы алаяқтық: Қазақстандықтар бағаның өзгермегеніне шағымдануда

02.05.2022, 14:16
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұған дейін билік тарапы сырттан келетін көлік үшін төленетін утилалымның бағасы 50 пайызға жеңілдейтінін және ол майдың басына дейін енгізілетінін айтқан болатын. Алайда қазақстандықтар утилалымның бағасында әлі еш өзгеріс жоқ екенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мамандардың айтуынша, біздегі жаңа көліктердің бағасы тым қымбат. Сондықтан елдің көбін әлі ескі көлікпен жүр. Және олар экологияның ластануына сондай-ақ апаттар мен адам өліміне көбеюіне себеп болып тұр.

Мысалы, 2022 жылы құрастырылған құны 10 000 доллар, қозғалтқышының көлемі 2800 болатын көлікті Қазақстанда тіркеу үшін сізге 8 760 доллар утилалым төлеу керек. Нәтижесінде көліктің құны 18 760 доллар болып шығады. Ал Грузияда дәл осындай көлік кедендік ресімдеу үшін бар болғаны $784 төлейді. Осылайша, олар үшін көлік бағасы 10 784 долларға шығады.

Еске салайық, 23 ақпанда вице-премьер Роман Скляр сынықтар утилалым бағасы 50%-ға төмендейтінін және жаңа тарифтер бойынша төлемдер наурыз айынан бастап қабылданатынын айтқан. Алайда кейін тарифтер тек 1 мамырға дейін төмендейтіні белгілі болды.

Ақпан айының басында қазақстандықтар Склярдың отставкаға кетуін талап етіп петиция бастады. Петицияға 25 мыңнан астам қол жиналды.