Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау” автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге тыйым салынды. Бұл Шетпе-Жетібай жол учаскесі”, - делінген хабарламада.
Ауа райы қолайсыздығынан жол қозғалысына шектеу бүгін сағ.13:30-дан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) енгізілді.
“Штаттан тыс жағдай туындаса, «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі - 1403”, - дейді аталған ведомстводан.