×
416.91
446.47
7.34
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
416.91
446.47
7.34

Асанәлі Әшімовтің көлігі әлеуметтік желіні шулатты

02.05.2022, 20:20
Видеодан кадр

Белгілі кино және театр актеры Асанәлі Әшімовтің көлігіне тағып алған номері әлеуметтік желіде біраз талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желіде жарияланған видеода қара түсті жол талғамайтын көліктің мемлекеттің номерінің орнына  «ASANALI» деген жазу ілінген. Және оған полициялар арнайы қызметтік көлікпен ілесіп жүрген. Көлік жол жиегіне аялдаған кезде Асанаәлі Әшімовке бірнеше полиция қызметкері құрметпен амандасып жатқаны байқалады.

Желі қолданушыларының бірі мұның заңсыздық екенін айтса, енді бірі ұлы өнер иесіне деген құрмет деп бағалап жаттыр.

“Асаналі Ашимовқа заң жоқ па сонда? нөмер тақпайды дейсің ғой. Гайшниктер тоқтатпақ түгілі, қолын сүйіндеп жүр ғой”. “Жаңа Қазақстан деген осы ма?”. “бәріне бірдей болу керек. Әйтпесе, еліктегендер есіріп кетеді”, десе. Енді бірі “Міне құрмет”. “Круто”. “Жүре берсін. Асаналі біреу-ақ қой!”, – деген секілді түрлі пікірлер жазылуда.

Айта кетейік, Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асанәлі Әшімов биыл 85 жасқа толып жатыр.

Актерлікпен қатар режиссерлікке бет бұрған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов театры сахнасында "Амангелді", "Мен ішпеген у бар ма?", "Ақбілек", "Ревизор", "Фархад-Шырын","Қаза мен жаза" және өзге де қойылымдарды қойды. Ал "Қазақфильм" киностудиясында "Аждаһа жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Жусан","Қозы Көрпеш–Баян сұлу", "Тұзды көл жағасындағы үй" фильмдерін түсірді.